«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ

Биыл жыл соңына дейін Украинадан шетелге бас сауғалап қашқан босқындар саны 8 миллион 300 мыңға жетуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.

БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігі осындай болжам жасады.

Ресми дерек бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан 12 миллион 700 мың адам баспанасын тастап қашқан. Олардың 5 миллионы өзге мемлекетке бас сауғалап кетсе, қалған 8 миллионға жуық тұрғын өз елінде ішкі босқынға айналған. Тыныш жер іздеп жүрген олардың 90 пайызы – әйелдер мен балалар. 13 миллион тұрғын қақтығыс аудандарында қалып қойған.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын ЮНИСЕФ  миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button