ІІМ Мейіржан Төребаевтың айыптауына жауап берді

Қаржы пирамидасын құру күдігіне іліккен Мейіржан Төребаевтың полиция қызметкерлерін айыптауына еліміздің Ішкі істер министрлігі жауап берді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күдіктінің мәлімдеуінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың өзінде «Мudarabah Capital» қаржы пирамидасы туралы полицияға ескерту жасаған. Бірақ құқық қорғау органдары аталған компанияның қызметін тоқтатуға қатысты ешқандай әрекет жасамаған. Сынға жауап берген Ішкі істер министрлігі осы мәселеге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған тұлғаның полиция қызметкерлерінің «Mudarabah Capital» қаржы приамидасына қатысты дер уақытында іс-шара қабылдауына қатысты дәлеліне орай қазіргі уақытта қызметтік тексеріс тағайындалған. Бүгінде полиция қызметкерлерінің кінәлі екендігін айту ерте», – делінген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына министрліктен берілген жауапта.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button