Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды

27 сәуір, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы тұрғындарының, сондай-ақ Президенттің Қапшағай атауын өзгерту бойынша ұсынысын қолдай отырып, Үкіметке Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру мәселесін қарастырып, шешуді ұсынамыз», - деді депутат Ерлан Смайылов.
Депутаттар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдады. Осы тұста желіде алматылықтардың әуежайға қатысты осы бастамасына арналған петиция бар. 24 наурызда жарияланған ұсынысқа қазір 52 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.