Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды

Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды

Алматы әуежайына Қонаевтың есімін беру ұсынылды
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Дінмұхамед Қонаевтың есімін Алматы қаласының әуежайына беру мәселесін көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы тұрғындарының, сондай-ақ Президенттің Қапшағай атауын өзгерту бойынша ұсынысын қолдай отырып, Үкіметке Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру мәселесін қарастырып, шешуді ұсынамыз», - деді депутат Ерлан Смайылов.
Депутаттар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдады. Осы тұста желіде алматылықтардың әуежайға қатысты осы бастамасына арналған петиция бар. 24 наурызда жарияланған ұсынысқа қазір 52 мыңнан астам адам қол қойып үлгерген.