Депутаттарды жарнамалау үшін бюджеттен 42 миллион теңге бөлінген

Алматыда мәслихат депутаттарының жұмысын әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жариялау үшін бюджеттен 42 миллион теңге бөлінген деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қаржыға депутаттардың сұхбаттары, қалай жұмыс жасап жатқандығы туралы ақпараттар, репортаждар дайындалады. Алайда журналистердің бұл бағытта жазған дүниесі міндетті түрде депутаттардың қарауынан өтеді және барлық мәліметті депутаттар береді.

«Біріншіден, депутаттардың берген ақпараты қаншалықты шындық екеніне көз жеткізе алмайсыз. Екіншіден, бұл – қала әкімдігі үшін өте қымбат сома. Мәселен, осы 42 миллион теңгеге 15 балалар ойнайтын алаң салуға немесе 4 қалалық мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Сонда ғана қай депутаттың қаншалықты жұмыс жасап жүргені белгілі болар еді», – дейді protenge.kz арнасы.

Тағы оқи отырыңыз: Депутаттардың мемлекеттік тілді меңгеруіне 27 млн теңге жұмсалмақ

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button