Қазақстан «мүгедек», «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген сөздерден бас тартты

Қазақстан «мүгедек», «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген сөздерден бас тартты

Қазақстан «мүгедек», «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген сөздерден бас тартты
ашық дереккөзі
Мәжіліс мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлады turkystan.kz. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсеновтің айтуынша, заң мүгедектігі бар адамдарды кемсітуге жол бермеу мақсатында қабылданып отыр.
«Заң жобасында мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Оның ішінде «мүгедек», «мүгедек бала», «Ұлы Отан соғысының мүгедегі» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар бала» және «Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылады», – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Сонымен қатар, заң жобасын дайындау барысында депутаттар «соқыр», «саңырау», «мылқау» деген терминдерді «көру қабілетінен толық айырылған адамдарға», «есту қабілетінен толық айырылған адамдарға», «сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарға», «мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы» деген терминді «мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасына» өзгерту жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.