Сыртқа кететін 1,2 миллиард доллар Қазақстанда қалады

Сыртқа кететін 1,2 миллиард доллар Қазақстанда қалады

Сыртқа кететін 1,2 миллиард доллар Қазақстанда қалады
ашық дереккөзі
Елде қара металлургия өндірісін арттыру үшін бірнеше жоба қолға алынды деп хабарлады turkystan.kz. 2025 жылға дейін елде жаңадан 4 болат құю зауыты, кокс өндіретін 2 кәсіпорын, 5 ферроқортпа зауыты салынады. Нәтижесінде сырт елден 1,2 миллиард долларға сатып алатын өнім өзімізде шығарыла бастайды. Бұған қоса, экспорттық әлеуетіміз де артады. Жоспар бойынша осы зауыттар кәсібін өрге домалатса, Қазақстан шет елдерге 3 миллиард долларға тауар экспорттауға мүмкіндік алады. Түсті металл өндірісінде де 11 жоба қолға алынды.
«Алюминийден өнім өндіру бойынша 6 негізгі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл экспорт көлемін 645 млн АҚШ долларына арттыруға мүмкіндік береді. Мыстан дайын бұйымдар шығаратын 3 зауыттың құрылысы жоспарлануда. Бұл да экспорт көлемін 200 млн АҚШ долларына ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.