Әуежайлар, аэродромдар мен вокзалдарда шенеуніктер тексерілмейтін болды

Әуежайлар, аэродромдар мен вокзалдарда шенеуніктер тексерілмейтін болды

Әуежайлар, аэродромдар мен вокзалдарда шенеуніктер тексерілмейтін  болды
ашық дереккөзі
Елімізде мамыр айынан бастап әуежайлар, әуеайлақтар мен темір жол вокзалдарында бірқатар шенеуніктер жете тексеруден өтпейтін болды деп жазды turkystan.kz. Мұндай бұйрыққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қол қойды. Бұйрыққа сәйкес, өздеріне қатысты жете тексеру жүргізілмейтін адамдардың тізбесі мынадай:
  1. Қазақстан Республикасының Президенті.
  2. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі.
  3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының төрағасы.
  4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің төрағасы.
  5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
  6. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
  7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы.
  8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы.
  9. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
  10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.
  11. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
  12. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы.
  13. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры.
  14. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.
  15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
  16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы.
  17. Қазақстан Республикасының министрлері.
  18. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.
  19. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінің консулдық лауазымды адамдары, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелері.