Саясат Нұрбек Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты

27 сәуір, 2022 / Алуа Арман
ашық дереккөзі
Саясат Нұрбек Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбекті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыру туралы шешім шықты деп хабарлады turkystan.kz.
 «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» ҚР Заңының 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбектен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуы туралы өтініш келіп түсті. Осыған байланысты депутат С. Нұрбектің аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.
Тағы оқи отырыңыз: «Үлкен аштық келе жатыр» – Саясат Нұрбек