Жаңалықтар

Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді

ашық дереккөзі

Ресейде оқ-дәрі қоймасы өртенді

Мәскеудің Белгород облысында оқ-дәрі қоймасы өртенді деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың жазуынша, Белгород облысындағы Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы отқа оранған. «Мен Головинский ауылдық елді мекенінің басшысы Денис Золотухинмен жаңа ғана хабарластым. Алдын ала мәлімет бойынша, Старая Нелидовка ауылының маңында оқ-дәрі қоймасы өртеніп жатыр» деп жазды Гладков Telegram арнасында. Гладков таңғы 03:35-те жарылыстың дыбысынан шошып оянған. Артынша тағы үш жарылыстың дыбысын естіген. Әзірше бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат тіркелмеген. Тағы оқи отырыңыз: Мәскеуде өрт шықты (ВИДЕО)