Гаражында бір қап есірткі сақтаған елордалық ұсталды

Гаражында бір қап есірткі сақтаған елордалық ұсталды

Гаражында бір қап есірткі сақтаған елордалық ұсталды
ашық дереккөзі
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген ұзақ мерзімді арнайы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Кинологиялық қызмет орталығының иттерін пайдалана отырып, тінту барысында «Мирный» гараж кооперативінен полиэтилен қап тапты. Белгілі болғандай, қапта «гашиш» есірткі заты сақталған. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 келі екен. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Акбаровтың айтуынша, тәркіленген есірткі құралдарының саны есірткіні тұтыну үшін 5 мың бір реттік дозаны құрайды. Ал құны «қара нарықта» 30 миллион теңгеге жуық. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.