Экологтар Маңғыстауда қоқиқаздар неден өлгенін айтты

Экологтар Маңғыстауда қоқиқаздар неден өлгенін айтты

Экологтар Маңғыстауда қоқиқаздар неден өлгенін айтты
ашық дереккөзі
Өлі табылған қоқиқаздарға сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Бұл туралы маңғыстаулық мал дәрігерлері айтты. Алайда өлекселерді тексеру кезінде оқ іздері табылмаған деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Айта кетсек, өлі жатқан қоқиқаздардың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Зооқорғаушылар бірден 5 қоқиқаздың өлі табылуы кездейсоқ емес деген тұжырым жасады.
«Оқиға орнына Бейнеу ауданының полиция қызметкерлері, мал дәрігерлері, Сумы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері келіп, тексеріс жасады. Құстар шамамен 15-20 күн бұрын өлген, сондықтан оларға сараптама жасау мүмкін болмай отыр», - дейді Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Аленов.
Мал дәрігерлерінің болжамынша, құстардың өлуіне ауа райы себеп болуы мүмкін. Тағы оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында қоқиқаздар жаппай қырылып жатыр (ВИДЕО)