«Малдың ішінен пакет шығады»: Таразда төрт түлік қоқыста жайылып жүр

«Малдың ішінен пакет шығады»: Таразда төрт түлік қоқыста жайылып жүр

«Малдың ішінен пакет шығады»: Таразда төрт түлік қоқыста жайылып жүр
ашық дереккөзі
Тараздың қоқыс полигоны қоршаған ортаны ластап жатыр. Тіпті, мал жайылатын жер жоқ, жер-көктің бәрі былғанған, бақша да шашылып жатыр, малдың ішетін суы да таза емес деп хабарлады turkystan.kz. Төңіректегі ауылдар қоқысқа толып кеткен. Өріске шыққан мал жайылымдық жерге емес, қоқыс аумағына жайылады. Тұрғындар қалдықпен қоректенетін малдың арам қатып жатқанын айтады. Еті мен сүтін тұтыну түрлі ауруларға әкелуі мүмкін деп алаңдайды. Өңдеу зауыты салынады дегелі талай жыл болса да, мәселе әлі күнге дейін шешілмеген. Тараздан шыққан бүкіл күл-қоқыс сол жерге жиналады. Бұл полигонға жыл сайын 50 мың тоннаға дейін қоқыс тасталады. Қазіргі есеп бойынша, бұл жерде 3 миллион тоннадай қалдық жатыр. Ал оны өңдеп, кәдеге жарататын аймақ бойынша бірде-бір зауыт жоқ. Енді тұрғындар қоқыс өңдейтын зауыт керек дейді.
«Қалалық қоқыс төгетін полигон жақын. Шамалы жел тұрса, осы жерге пакеттер ұшып келеді. Келген пакетті мал болған соң жеп қояды. Малдың ішінен пакет және басқа да нәрселер шығады. Олар өлсе, шығынға батамыз», – дейді Қостөбе ауылының тұрғындары.
Бұған жергілікті билік қанша әрекет еткенімен еш нәтиже шығара алмай отыр. Бәрін инвесторларға ысырып қоя салған. Енді қазір немістер келіп сынама алып, құрамын зерттеп жатқан көрінеді. Ал Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, екі маман осы полигонда жүр. Морфологиялық қатты қалдықтарын зерттеп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Маңғыстауда итбалықтар қырылып жатыр