Ақтауда тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 қауіпсіздігі аралас мекемесінде «Шарапатты Рамазан» шарасы аясында сотталғандарға ауызашар берілді деп хабарлады turkystan.kz

Іс-шараны облыстық Бекет Ата мешіті және «Отпан» ақпараттық-түсіндіру орталығымен бірлесіп өткізді.

Қазіргі уақытта өңірдегі тергеу изоляторында 200-ден астам сотталған жазасын өтеуде, оның 110-ы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жатыр.

«Ораза ұстаушылардың рационы пенитенциарлық жүйеде бекітілген мәзірден біршама ерекшеленетіндіктен, мекеме қызметкерлері сотталғандарға құрма, су, нан, салат және палау кіретін тамақ қоржындарын таратты», – деп көрсетті Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.⠀

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button