Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы студент табылды
Ақмола облысында бір күн бұрын колледж жатақханасынан белгісіз жаққа кетіп қалған 17 жастағы студент аман табылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында сәуірдің 25-інде жоғалған Виталий Садвакасов Степногор қаласынан табылды. Бозбаланың сөзінше, ол туған қаласына жолай кездескен көлікпен жеткен. Оның Степногор қаласындағы шағынауданда жүргенін көрген адамдар полицияға хабарлап айтты», - деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетсек, жоғалған жасөспірімді іздеуге Көкшетау қалалық Полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды.