«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қаржылық мониторинг агенттігі меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қаржылық мониторинг агенттігі меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қаржылық мониторинг агенттігі меморандумға қол қойды
ашық дереккөзі
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Қор мен Агенттік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Тараптар Қор мен оның портфельдік компаниялары қызметінің ашықтығын арттыру, Қор компаниялары жұмыс істейтін салалардағы экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпарат алмасуға ниетті. Бұл мұнай-газ, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік және телекоммуникация салаларын қамтиды. Бұдан бөлек, меморандум агенттік пен Қор тобының ұйымдары арасындағы сатып алу саласындағы ынтымақтастықты қарастырады. Меморандум шеңберінде агенттік тарапы Қорға квазимемлекеттік сектордағы құқықбұзушылықтар туралы және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері жөнінде ақпарат беруге; анықталған зиян келтіру тәуекелдері туралы ақпаратты Қорға уақтылы жіберуге; Қорға экономикалық және қаржылық құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл бойынша әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге; комплаенс, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару функцияларын күшейту үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Қор өз кезегінде қылмыспен күрес жөніндегі бастамалар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысады; Қор тобында анықталған экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтар туралы агенттікке хабарлайды; Агенттіктен тиісті ақпарат алған жағдайда Қор тобына кіретін ұйымдарда тексерулер жүргізеді; Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Меморандум ұзақ мерзімге жасалды және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Тағы оқи отырыңыз: «Самұрық-Қазына» мемлекетке 170 млрд теңге дивиденд төлейді