Атырауда масамен күреске 126 млн теңге бөлінді

Атырауда масамен күреске 126 млн теңге бөлінді деп хабарлады turkystan.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, масаларды жою ісі мамыр айында басталады. Оған былтырғыдай ақша бөлінген. Әзірге бұл іспен қандай компанияның айналысатыны белгісіз.

«Атырау қаласының әкімдігі маса улау үшін тендерді жылдың басында жариялағанымен, қатысушылардың құжаттары дұрыс болмай, кейінге қалдырған. Айдың соңына дейін тендер жеңімпазы анықталады. Мамыр айында масаларды улауды бастаймыз», – деді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Тағы оқи отырыңыз: «Бұл тақырыпта сөз қозғағанымның өзі ыңғайсыздау» – Президент масаны жоюға жауаптыларды сынға алды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button