Жаңалықтар

AMANAT пен ADAL саяси партиялары бірікті

ашық дереккөзі

AMANAT пен ADAL саяси партиялары бірікті

ADAL партиясының бастамасын қолдап, AMANAT-пен біріккен жөн деп санаймын. Бұл туралы AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL - өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы. Съезд барысында делегаттар ADAL партиясының AMANAT-қа қосылуын дауысқа салып, қолдады. Тағы оқи отырыңыз: «Бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын» - Тоқаев Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болды