«Жаңа Қазақстан – шындығында әділетті Қазақстан» – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс съезінде Жаңа Қазақстан сөзінің негізгі мағынасын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.

«Еліміздің азаматтарының арасында «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақ жиі қойылады. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа әрі нақты жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан – шындығында әділетті Қазақстан. Партияның алдында қолайсыз жағдайды түзету секілді аса қиын міндет тұр. Сіздер халықты бастап жүрулеріңіз қажет», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру үшін барлық қоғамдық және саяси күштерді жұмылдыру қажет. Оған қоса, барлық саланы монополиядан түбегейлі тазартып, суперпрезиденттік басқару жүйесін жою өте маңызды. Ал бұл өзгерістерден еліміздің саяси жүйесі қалыс қалмауы керек.

Тағы оқи отырыңыз: Суперпрезиденттік кезде болған кемшіліктер жойылады

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button