Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихаттың келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов Орал қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Миржан Мұнайдарұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшының орынбасары, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Күні бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі болып еңбек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button