Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген

26 сәуір, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Елорда тұрғыны 13 жастағы қызға ішімдік ішкізіп, еліткіш дәрі берген Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 13 жастағы тұрғынның еліткіш дәрі-дәрмектер, бірнеше рет алкогольдік ішімдіктер ішкені анықталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Заңсыз әрекеттерді 2021 жылдың 25 желтоқсаны мен 26 желтоқсаны аралығында 34 жастағы елорда тұрғыны жасаған. Қазір Ақкөл аудандық ПБ тергеу бөлімі бұл дерек бойынша ҚР ҚК 133-бабының 1-бөлігіне («Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту») сай соталды тергеуді бастады.
«Кәмелетке толмаған адамды алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді, еліткіш дәрі-дәрмекті жүйелі пайдалануға (ішуге) тарту жасөспірімдер маскүнемдігіне әкеледі. Ал баптың санкциясында осы қылмыс үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген», - делінген хабарламада.