Kcell Solutions компаниясының бұрынғы қаржы директоры сотталды

Kcell Solutions компаниясының бұрынғы қаржы директоры сотталды

Kcell Solutions компаниясының бұрынғы қаржы директоры сотталды
ашық дереккөзі
Kcell Solutions ЖШС-нің бұрынғы қаржы директоры 7 жылға сотталды. Ол 467 млн теңгеден аса қаражатты заңсыз иемденген деп хабарлады turkystan.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұрынғы топ-менеджер қаржылық құжаттарды бұрмалап, өзіне заңсыз аванстар жазған.
«Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есеп-шотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған, сондай-ақ өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды» деп жазылған хабарламада.
Осылайша, ол «Kcell» АҚ-на аса ірі көлемде зиян келтіріп, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде бәс тігіп, жұмсағаны анықталды. Сот үкімімен азамат М.Шөкей Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге қаржылық жауапкершілікпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте алаяқтық жасады деген күдікпен полицияның бұрынғы басшысы ұсталды