Ресейде қазақ тілінің жоқтаушысы қайтыс болды

Ресейде қазақ тілінің жоқтаушысы қайтыс болды

Ресейде қазақ тілінің жоқтаушысы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде белгілі журналист Нәзира Жәрімбетова Ресейде «Мұрагер» қазақ ұлттық-мәдени орталығын басқарған Диқан Мусиннің қайтыс болғанын хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Челябі жақтан қаралы хабар жетті. Троицк қаласы түбінде орналасқан Нижняя Санарка ауылында тұратын Диқан Мусин ақсақал сексен жасқа қараған шағында о дүниелік болыпты. Кішкентай ғана ауылда тұрса да, ағамыз Челябі облысындағы қазақ диаспорасы арасында ана тілді, ұлттық дәстүр-салтты сақтау ісіндегі діңгектерінің бірі еді. Оңтүстік Урал жерінде қазақтың ұлттық мәдени шаралары Диқан ағайсыз өтпейтін. Ол көп жылдар бойы Троицк ауданындағы «Мұрагер» қазақ ұлттық-мәдени орталығын басқарды. Селодағы балаларды жинап, қазақ тілі мен домбыраны үйретті. Диқан атасының үйретуімен Нижняя Санарка селосының балалары қазақтың ұлттық спорттық ойыны – асық ойнап өсті», - деді ол.
Жазбаның соңында журналист жыл сайын Троицк маңында Наурыз мерекесінің лайықты аталып өтетінін,  биылғы мейрамның Диқан Мұсаұлы үшін соңғы жыл бастауы болғанын айтып, ақсақалдың отбасына, туған-туыстарына, Челябі жерінде ана тіліміз бен ұлттық дәстүрдің сақталуына атсалысып жүрген ағайынға көңіл айтатынын жеткізді.
«Ағайдың мәңгілік мекені жұмақтан болсын», - деді ол.
 width= Тағы оқи отырыңыз: Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді