«Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі» - Ербол Қарашөкеев

«Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі» - Ербол Қарашөкеев

«Елімізде қант өндірісі 7 есе өседі» - Ербол Қарашөкеев
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында елімізде қант өндірісін 7 есеге өсіру жоспарланып отырғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазір еліміз жыл сайын шамамен 532 мың тонна қант тұтынады.  Оның 7 пайызын өзімізде шығатын шикізат есебінен тұтынамыз. Сондықтан біз қант өндірісін 7 есеге, яғни 254 мың тоннаға дейін  ұлғайтуымыз керек. Ол үшін сумен қамтамасыз ету проблемасын шешіп, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін көбейту керек», - деді ол.
Оның айтуынша, шетелден келетін қанттың импорты 32%-ға төмендесе, өз елімізде шығатын қанттың өндірісі 7%-дан 43%-ға дейін артады. Тағы оқи отырыңыз: 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтады