Жаңалықтар

Алматы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы қамауға алынды

ашық дереккөзі

Алматы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы қамауға алынды

Үй қамақта отырған Алматы қаласы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаев қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "28 қараша күні қамауға алынды. Күдікті тарапынан ҚР ҚПК-де көрсетілген 146-баптың 2-бөлігі бойынша үй қамақта ұстау, шектеу талаптары бұзылды. Олар қылмыстық процеске қатысы жоқ адамдармен телефон арқылы сөйлесіп, іс туралы ақпараттар берді. Тамыз айынан қараша айы аралығында оның тарапынан 20 телефон соғылды. Бұл телефон әңгімелері стенограммалық жазбалар, сыртқы бақылау анықтамалары, фото-кестелер арқылы дәлелденді.  Қаулыға шағым келтіріліп, қалалық сотының апелляциялық сот алқасы тарапынан өзгеріссіз қалдырылды», - деді Алматы қалалық сотының Ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов. Сонымен қатар, ол қаулы заңды күшіне енгенін де жеткізді.  Алматы қалалық сотының хабарлауынша, Әмірхан Аманбаев бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. Нақтырақ айтқанда, 28-бап, 5-бөлік (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайласу), 215-бап (Жалған кәсіпкерлік), 263-бап, 4-бөлігі (қызметтік бабын пайдалану арқылы көмектесу, құру), 218-бап, 3-бөлігінің 1,3-тармақтары (ақша жымқыру), 311-бап, 5-бөлігі (аса ірі көлемде пара алу) бойынша айыптар тағылып отыр. Іс бойынша 36 күдікті жауапқа тартылған.