«Дәл осы сәтті армандадым»: Димаш әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

«Дәл осы сәтті армандадым»: Димаш әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

«Дәл осы сәтті армандадым»: Димаш әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Еуропада өткізген турында түсірілген видеоларды жариялады. Айтуынша, әнші бала кезінде «Дайдидау» әнін сахнада шырқауды армандаған деп хабарлады turkystan.kz. Видеодан Димаштың «Дайдидау» әнін шетелдіктермен қосыла шырқағаны анық көрініп тұр.
«Бұл әнді мен ең алғаш естігенімде мектепте оқып жүрген оқушы едім. Сол кезде осы әнді бір күні орындасам деп ойлап жүретінмін. Арада жылдар өтіп, қателеспесем, 17 жасымда бір халықаралық байқауға қатысуға «Дайдидау» әнінің аранжировкасын жасауға кірісіп кеткен болатынбыз. Ол кезде Ақтөбе қаласында тұратынмын. Бақытбек аға (@bakhitbek.kz) аранжировкасын жасап, мен ең алғаш рет музыкалық продюсер ретінде қызмет атқарып, сол кезде осы видеодағы көріністі елестетіп армандайтынмын» деп жазды Димаш.
Ол бөліскен видеоны көрген тыңдармандары жылы лебізін білдіріп, лүпіл басып жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

   Тағы оқи отырыңыз: «Қателеспейтін адам жоқ»: Шадаева Димаштан кешірім сұрады (ВИДЕО)