ШҚО-да тұрғындар науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр

ШҚО-да тұрғындар науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр

ШҚО-да тұрғындар науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Полянское ауылының тұрғындары жол болмағандықтан, науқастарды трактормен тасымалдауға мәжбүр. Себебі, мұнда жол жөндеу жұмыстары үш жылдан бері тоқтап тұр деп хабарлады turkystan.kz Astana телеарнасына сілтеме жасап.  Өскемен-Алтай-Катон-Қарағай-Рахман қайнары республикалық маңызы бар тас жолының құрылысы үш жылдан бері тоқтап тұр. Ауыл тұрғындарының соңғы үміті партия мүшелерінде. Олар AMANAT-тың мобильді қабылдауына кезекке тұрған.
«Бізді естісе екен, мәселемізді шешіп берсе екен. Сонымен қатар, AMANAT партиясының өкілдеріне алғыс айтамын, оң жауап аламыз деген үміттеміз», - деді Полянское ауылының тұрғыны Ольга Логвинова.
Жергілікті тұрғындар тас жолдың құрылысы аяқталса, бірден екі аудан – Алтай мен Катон-Қарағайдың дамитынын алға тартады. 2019 жылдан бері министрлік жобаға бірнеше рет өзгеріс енгізген. Мәселен, бастапқыда жол құрылысы 16 миллиард теңгеге бағаланған.
«Ең бастысы, партиямыздың мобильді қабылдауы келіп, бұл мәселенің ушығып тұрғанын өз көздерімен көрді. Бұл біз үшін өте маңызды. Түйіннің тез шешілуіне де әсер етері сөзсіз», - деді Алтай аудандық мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова.