Ақтөбеде мысыққа тамақ берген зейнеткерге айыппұл салынды

Ақтөбеде мысыққа тамақ берген зейнеткерге айыппұл салынды

Ақтөбеде мысыққа тамақ берген зейнеткерге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде полицейлер мектеп ауласында мысыққа тамақ берген 68 жастағы зейнеткерге 30 630 теңге айыппұл салды деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап. Полицейлердің айтуынша, зейнеткер мектеп ауласында әкімшілік құқықты бұзған. Ол жерде үй жануарларына тамақ беруге рұқсат етілмеген. Осы оқиғаны көпшілік әлеуметтік желіде сынап жатыр. Заңгер Жангелді Сүлейменов полицейлердің істері де, айыппұлдың өзі де заңсыз деп отыр. Ол зейнеткердің құқығын қорғау үшін сотқа арыз жазатынын айтты. Мұндай жағдай жақында Қарағандыда да болған. Онда полицейлер итке тамақ бергені үшін зейнеткерге 15 мың теңге айыппұл салған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Астанада көлігін жол бойында қалдыратын жүргізушілерге айыппұл салына бастайды