«Сотталамыз»: Атырау мектептерінің бірінде 7 оқушы бір балаға жабылған (ВИДЕО)

25 сәуір күні Атырау қаласындағы №36 мектепте 7 оқушы өздерінен кіші баланы ұрып-соққан деп жазды turkystan.kz.

Бұл жайында Alikosh Romanova есімді әлеуметтік желі қолданушысы жазды. Оқиға кеше 11:00 шамасында болған.

«Видеодағы 7 бала өзінен кіші баланы ұрып тастады. Атырау қаласында бет-жақ хирургтарының болмауына байланысты таяқ жеген баланы ата-анасы шұғыл Оралға жеткізіп, операция жасатты. Ең сорақысы, мектепте медбике жоқ! Ал оқиғаға қатысты мектептегі участковый инспектор үндемеген! Директорда да үн жоқ» деп жазды желі қолданушысы.

Сондай-ақ ол аймақтық құзырлы орган мекемелерінің интернеттегі аккаунттарын тегтеп, кінәлі оқушыларды заңды жазаға тартуды талап етті.

Өздерінен кіші балаға күш көрсеткен оқушылар болса, оқиғадан кейін видео түсіріп, «біреудің сазайын тарттырдық» деп масаттанған. Видео авторы өздерінің сотталайын деп жатқандарын да еш қымсынбастан айтып отыр. «Енді еміне ақша тауып беру керек» деп уайым қылғанын естуге болады.

Мектеп оқушыларының қатысуымен болған оқиғаға қатысты ресми мәлімет әлі жарияланбады. Қосымша ақпараттар беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button