5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтады

5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтады

5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтады
ашық дереккөзі
Үкіметте пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. Осы мәселеге байланысты Премьер-министр Әлихан Смайылов кеңес өткізіп, ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару керектігін айтты. Кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанынын, соған байланысты «Жер инспекторының кабинеті» жасалғанын, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады», - деді ол. 
Осы ретте, ол биыл пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару көлемін 4 есеге ұлғайту жоспарланып отырғанын, былтыр 1,3 миллион гектар қайтарылса, биыл кемінде 5 миллион гектарды қайтару жоспарда бар екенін жеткізді. Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің бәрін цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын айтты.
«Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деді ол.
Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты тездетуді тапсырды.  width= Тағы оқи отырыңыз: Ауыл шаруашылығы «жауыр» шаруашылыққа айналып бара жатқан жоқ па?