Тоқаевтың сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды

Тоқаевтың сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды

Тоқаевтың сынынан кейін QAZAVTOJOL БҚО филиалының директоры жұмыстан босатылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында жолдардың уақтылы жөнделмеуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды деп жазды turkystan.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «QAZAVTOJOL» ҰК» АҚ және ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапқа тартылды.
«Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін аталған себептерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қызметінен шеттетілген болатын. Президент ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдар проблемасы бойынша Үкіметке және аймақ басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеген еді.