Жаңалықтар

Түркияда тұрғын үйге ұшақ құлады

ашық дереккөзі

Түркияда тұрғын үйге ұшақ құлады

Түркияның батысындағы Юнусэли әуежайының маңында ұшақ апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Түркияның Бурса провинциясының Османғази ауданындағы тұрғын үйлердің арасына моторлы оқу-жаттығу ұшағы құлады. Ұшақ құлаған сәтте бірден өрт пайда болды. Жаттығу техникасының ұшқышы мен курсанты оқиға орнында көз жұмды. Басқа қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар жоқ», - деп жазды ақпарат көзі. Ұшақ курсанттардың оқу бағдарламасы аясында Юнусэли әуежайынан ұшып, аз уақыттан кейін аталған елді мекенге құлаған. Төтенше оқиғаның салдарынан осы ауданда орналасқан абаттандырылған үйлер бұзылып, тұраққа қойылған көліктер де зардап шекті. Мамандардың айтуынша, әуе кемесі техникалық ақауларының салдарынан да құлап кету ықтималдығы бар. Оқиғаның мән-жайы тергелу үстінде. Апат орны полициямен қоршалған, онда өрт сөндірушілер, құтқару қызметінің мамандары мен жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеп жатыр.