Ипотекасы барларға салық жеңілдігі берілді

Ипотекасы барларға салық жеңілдігі берілді

Ипотекасы барларға салық жеңілдігі берілді
ашық дереккөзі
2016 жылғы 30 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ұлттық банк. Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Заңда Ұлттық Банк Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қарыздары қайта қаржыландырылуға жататын қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталған түзетулер көзделген. Мәселен, қарыз алушы жеке тұлғалар Бағдарламаның қолданылуы кезеңінде банктер, ипотекалық ұйымдар (оның ішінде лицензияны ерікті түрде қайтарғандар) мыналар: — негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақы, комиссиялық ақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл); — есептелген, бірақ төленбеген сыйақы, комиссиялық ақы, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл); — валюталық қарызды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша қайта қаржыландыру кезінде пайда болған бағамдық айырма; — халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушының қарызы бойынша сотқа қуыным берген кезде банк немесе ипотекалық ұйым төлеген мемлекеттік баж бойынша берешекті кешірген кезде жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Осы түзетулер Бағдарламаны тиімді іске асыруға және проблемалық қарыз алушылардың барынша көп санын қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Заңда қаржы секторына салық салу бойынша түзетулердің жеке блогы көзделген. Бағдарламаның талаптары бойынша қайта қаржыландыруға қарыз алушылар банктерден (ипотекалық ұйымдардан) 2004 — 2009 жылдар аралығы кезеңінде алған, берешек қалдығы 2015 жылғы 1 қаңтарда 36,5 млн.теңгеден аспайтын ипотекалық тұрғын үй қарыздары/ипотекалық қарыздар жататындығын еске саламыз. Бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген ақшаны игеру кезеңі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады, осыған байланысты қарыз алушылар өз қарыздарын қайта қаржыландыру үшін банктерге өтініштер мен құжаттарын беруді тездету қажет. 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағдарлама бойынша банктерге (ипотекалық ұйымдарға) 26 мыңнан аса өтініш берілді. Қайта қаржыландыру туралы оң шешім 19 306 өтініш бойынша 117,3 млрд. теңге сомаға қабылданды, 17 050 өтініш бойынша қарыз 94,0 млрд. теңге жалпы сомаға қайта қаржыландырылды.