Қаңтар оқиғасы: тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданған 2 полицей қамалды

Қаңтар оқиғасы: тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданған 2 полицей қамалды

Қаңтар оқиғасы: тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданған 2 полицей қамалды
ашық дереккөзі
Талдықорған тұрғыны Алмас Мұқашевтің өліміне қатысты құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, Алмас Мұқашев қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Марқұмның жақындары тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданылғанын, көптеген дене жарақаты салынып, салдарынан дені сау адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын.
«Нақты осы кезеңде, яғни 6-8 қаңтар аралығында азаматтардың қаза болу фактілері тіркелді. Оның барлығы бойынша тергеу жүріп жатыр. Мұқашевтің өліміне әкеп соққан ұрып-соғу фактісі бойынша тергеу ісімен арнайы прокурорлар айналысып жатыр. Осы іс бойынша соттың санкциясымен құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды», - деді Е. Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.