«Зеленский маған қастандық жасағысы келді» - Соловьев (ВИДЕО)

«Зеленский маған қастандық жасағысы келді» - Соловьев (ВИДЕО)

«Зеленский маған қастандық жасағысы келді» - Соловьев (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейлік журналист Владимир Соловьев Украинаның Президенті Владимир Зеленскийдің өзіне қастандық жасағысы келгенін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің «Соловьев Live» бағдарламасында айтты.
«Федералды қауіпсіздік қызметі Ресейде тыйым салынған «National Socialism/White Power» әсіреұлтшыл террористік ұйымның бір топ мүшесін ұстады. Олар маған Зеленскийдің тапсырмасы бойынша қастандық жасағысы келді. Егер менімен бірдеңе болса, менің өліміме Зеленскийді кінәлаңдар», - деді ол.
Путин де Украинаның қауіпсіздік қызметінің Соловьевке қастандықты жасағысы келгенін ескертті.
«Украинаның қауіпсіздік қызметінің тапсырмасы бойынша, әсіреұлтшылдар белгілі журналистке қастандық жасағысы келді. Олардан 6 Макаров тапаншасы, РГД-5 гранатасы, мыңнан астам оқ-дәрі, мылтықтар мен қолдан жасалған 8 Молотов коктейлі тәркіленді», - деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: «Жеңіліс Ресейді күйреуге алып барады» - Соловьев