«Газ бағасы көтеріледі, одан қашып құтыла алмаймыз» – сенатор

«Газ бағасы көтеріледі, одан қашып құтыла алмаймыз» – сенатор

«Газ бағасы көтеріледі, одан қашып құтыла алмаймыз» – сенатор
ашық дереккөзі
Сенат депутаты Ерік Сұлтанов газ бағасын белгілеудің жаңа моделін қалыптастыру керегін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл ретте газ тарифін қалыптастыруда ашықтықты қамтамасыз ету керек. Сенатордың айтуынша, ішкі нарықта газ тұтыну көлемі ұлғаятындықтан, газды экспорттау азаяды.
«Ішкі нарықтағы бағаны ұлттық оператор «QazaqGaz» компаниясы субсидиялайтыны белгілі. Ендеше, экспорт азайғанда табыс кеміп, ішкі нарықтағы баға шамамен 60 пайыз өсуі мүмкін. Газ тарифінің көтерілуінен құтыла алмайтынымызды ашық айту керек. Сол себепті, газ тартылмаған өңірлерді газдандыра алатындай, әлеуметтік осал топтарға қолайлы баға ұстап тұра алатындай тариф белгілеудің оңтайлы тетігін анықтау маңызды», - деп түсіндірді сенатор Ерік Сұлтанов.
Ол Энергетика министрлігіне тұтынушыларды, халықты да, кәсіпкерлерді де бұл туралы алдын ала хабардар ету үшін газ бағасын ұзақ мерзімді жоспарлау кестесін жыл сайынғы өсуді ескере отырып, ашық жариялауы керегін ұсынды.