Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған күдіктілерге іздеу жарияланды

Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған күдіктілерге іздеу жарияланды

Бюджеттен 1,1 млрд теңге ұрлаған күдіктілерге іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Елімізде 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген екі күдіктіге іздеу жарияланды деп жазды turkystan.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚМА кәсіпкер А.Б.Жексенғалиевке іздеу жариялады. Ол алдын ала келісім бойынша бір топ адамдармен жасалған, аса ірі сома болып табылатын 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді. Таңдалған бұлтартпау шарасы – қамауға алу», – делінген агенттік хабарламасында.
Сондай-ақ 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Е.Қ.Медетбековке де іздеу жарияланып, оны қамауға алу туралы сот санкциясы шығарылды. Қаржы мониторингі агенттігі іздеудегі адамдарды анықтау немесе олардың болуы мүмкін жері туралы ақпаратты алу кезінде +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуды сұрайды.
«Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы тағайындалған, құпиялылыққа кепілдік беріледі», – деп сендірді агенттік.