Таразда алаяқтар достарын ақшаға алдап кеткен

Таразда алаяқтар достарын ақшаға алдап кеткен

Таразда алаяқтар достарын ақшаға алдап кеткен
ашық дереккөзі
Тараз қаласында он күнде екі адам алаяқ достарына ақшаға алданып қалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 15 сәуірде Тараз қаласының 23 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, «досының» үй сатып алуға көмектесемін деген сөзіне сеніп, оған банктен 2 млн теңгеге жуық несиені ресімдеп алып бергенін айтты. Жедел-іздестіру кезінде полиция қызметкерлері Тараздың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Тағы бір Тараздың тұрғыны досына несие алып беріп, алданып қалған. 20 сәуірде полицияға микрокредиттік ұйымның директоры хабарласып, арыз жазды. Ол былтыр тамыз айында 28 жастағы азамат оның атынан микрокредиттік ұйымнан 350 мың теңге көлемінде несие алғанын айтты.
«Ол маған несие төлейтініне уәде берді. Бірақ ешқандай төлем жасамады. Мені алдап кетті», - деді жәбірленуші.
Осыған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, ешкімге несие мен қарыз алып бермеуді, өз құжаттарының көшірмелерін ешкімге жібермеуді ескертеді. Тағы оқи отырыңыз: ІІМ алаяқтардың жаңа тәсілдерін ескертті