Жаңалықтар

Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің басшысы болып тағайындалды

ашық дереккөзі

Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің басшысы болып тағайындалды

«Nur Media» холдингінің бас директоры лауазымына Бақтияр Мәкен тағайындалды деп хабарлады  turkystan.kz. Бақтияр Мәкен 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Монтана университетін бітірген. Бұған дейін Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, Ішкі саясат басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Парламент Мәжілісіне «Nur Otan» партиясынан сайланған VI шақырылым депутаты және Саяси кеңестің мүшесі болды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.