Қаңтар оқиғасы: 326 күдікті қамаудан босатылды
Қаңтар оқиғасы: 326 күдікті қамаудан босатылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ең көп қылмыс Алматы қаласында болған. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ОКҚ-да өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір ішкі істер тергеушілері айыптау актісімен 410 айыпталушыға қатысты 261 қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады. Мұндай істердің ең көп саны Алматы қаласы бойынша - 185, Алматы облысы бойынша – 49, Жамбыл облысы және Көліктегі полиция департаменті бойынша – 10, Қызылорда және Түркістан облысы бойынша – 4», – деді Санжар Әділов.
Департамент бастығының айтуынша, тәртіпсіздік пен қылмыс істегендердің көбісі жастар.
«Мұндай адамдарға тергеушілер олардың жеке басын және оң сипаттамаларын ескере отырып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданады. Бүгінде осы негіздер және келтірілген залалды өтеу бойынша 326 күдікті қамаудан босатылды», – деді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде қанша шендінің жарақаттанғаны айтылды