Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтерді
Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтерді
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылына 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады деп жазды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, базалық ставканың өсуіне сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.
«Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді», – делінген ҰБ хабарламасында.