Жаңалықтар

 AMANAT партиясы қасиетті айда 30 отбасына көмек көрсетті

ашық дереккөзі

 AMANAT партиясы қасиетті айда 30 отбасына көмек көрсетті

Рамазан айының құрметіне AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттары аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерін үлестірді деп жазды turkystan.kz. Партияластар қасиетті Рамазан айында 30 отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. Көмекке мұқтаж жандардың бірі - жалғыз тұратын 71 жастағы Нұрбибі Шәукебаева. Павлодар трактор зауытының шойын құю цехында 30 жылдай қызмет еткен зейнеткер, әйел затына тән емес ауыр жұмыс істеп, денсаулығынан айырылған. «Қазір өмір сүру өте қиын. Бірақ елімізде AMANAT сияқты партия бар екеніне алғысымды білдіремін. Бұл – патриоттық партия. Әсіресе, партия әлсіз қарттарға көп көмектеседі. Мен біздің елімізге және AMANAT партиясына жаңа табыстар, шабыт тілегім келеді. Халық сіздердің арттарыңыздан, бір кездері біз комсомолға барғанымыздай, ерсін деп тілеймін», – деп ықыласын білдірді Нұрбибі Шәукебаева. Көмек алған отбасылар аманаттықтарға ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. «Шынында да бұл адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болды. Олар – біздің партияның Павлодар облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіргендер. Біздің аудандық филиалдарымыз да осындай бастаманы қолға алды. Біздің міндетіміз – адамдарға, азаматтарымызға көмектесу. Бұл - бізге артылған жауапкершілік және қасиетті Рамазан айында партия белсенділік танытуы тиіс деп санаймын», – деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко. Бұл іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, партияның облыстық филиалының қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдары етене араласып, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін таратуды қолға алды.