Атбасар тұрғыны үйінде криптовалюта шығарумен айналысқан

Бұл туралы «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы барысында белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Биылғы сәуірдің 24-інде Атбасар аудандық Полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Атбасар қаласының 29 жастағы тұрғынының үйінен криптовалюта жасайтын жабдықтарды тапқан. Оның ішінде 2 дана жұмыс істеп тұрған айтмайнер арнайы жабдығы, сондай-ақ айтмайнерге қажетті 9 дана жабдық және өзге де қосалқы техникалар бар.

«Табылған жабдықтардың иесі  – 29 жастағы жергілікті тұрғын. Ер адамның үйінде криптовалюта жасап келе жатқанына 3 ай болған. Қазір осыған байланысты іс материалдары мемлекеттік Кірістер басқармасына әкімшілік хаттама толтыру үшін жолданды» деп жазылған Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button