«Ауыл - Ел бесігі» жобасы 3,5 мың елді мекенді қамтиды

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы 3,5 мың елді мекенді қамтиды

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы 3,5 мың елді мекенді қамтиды
ашық дереккөзі
Мәжілістегі Үкімет сағатында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы талқыланды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізу - әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалпы алғанда, өмір сүруге қолайлы жағдай жасау арқылы іске асырылады. Ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті бар 3,5 мың ауыл таңдалды. Оларда ауыл тұрғындарының 89 пайызы тұрады. Осы 3,5 мың ауылдың 1171-і тірек ауылы және олардың айналысында 2368-і жақын спутник ауыл», - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.