Атырау облысында қаптаған сарышаяндар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Атырау облысында қаптаған сарышаяндар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)

Атырау облысында қаптаған сарышаяндар тұрғындарды шошытты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Атырау облысы Еркінқала ауылының тұрғыны сарышаяндарды видеоға түсіріп алған. Улы жәндіктердің көбеюі тұрғындардың үрейін тудырды деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап. Бірақ эколог Галина Черноваяның сөзінше, шаяндардың белсенділігіне таңқалудың керегі жоқ. Өткен жылы мұндай құбылыс Жұмыскер, Нұрсай ауылдарында да байқалған. Сондай-ақ Африкада тіршілік ететін қара шаянның уы аса қауіпті. Ал Атырауда тек сарышаянды кездестіруге болады, ол қауіпті емес.

«Сарышаяндардың уын арамен салыстыруға болады. Ауырады, шаққан орны ыстық инені сұғып алғандай әсер қалдырады. Бірнеше сағаттан соң ауырғаны басылады, улану белгілері жоқ. Шаянның шағуы тек нәрестелер үшін қауіпті болады», - деп ескертті маман.

Әдетте шаяндар аяқ киімнің ішіне кіріп кетеді екен. Сондықтан маман аяқ киімді кимес бұрын мұқият болуға шақырды.