1500 суреттен құралған Путиннің портреті желіні шулатты

Беларусь фотографы Павел Кричко Ресей Президенті Владимир Путиннің 1500 суретінен құралған портретін желіге жариялады. Әлгі портретті көргендер шулап, түрлі жағымсыз пікір жазған деп хабарлады turkystan.kz.

Фотограф осы әрекеті арқылы Путиннің саясатын әлі де қолдайтын адамдардың барына таңданысын жеткізген.

«Бұл портрет Украинадағы 57 күндік соғыс кезінде мен көрген 1500-ге жуық көріністен, жаңалықтардан және сол жердегі адамдарға қатысты болған кейбір фотосуреттерден құрастырылды. Сұмдық, азап, өлім, мүгедек болып қалған жандардың тағдыры, қылмыстар, адамгершілік қасиеттерден жұрдай болу, зұлымдық – бәрі осы бейнеде. Осы фотоларға қарап отырып, мұның бәрін қолдайтын адамдарды түсіну маған әлі де қиын» деп жазды ерекше туындының авторы.

Тағы оқи отырыңыз: Ресей Қазақстанға тиесілі құпия құжаттарды берді

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button