Өскемендегі 19 көшенің атауын өзгерту ұсынылды

Өскемендегі 19 көшенің атауын өзгерту ұсынылды

Өскемендегі 19 көшенің атауын өзгерту ұсынылды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілер мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Өскемен қаласындағы бірнеше көшенің атауы өзгеруі мүмкін деген ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz. КТК-ға сілтеме жасап. Онда жазылғандай, Куйбышев көшесі – Заңғар, Чкалов – Шыңғыстау, Колхозная – Шалқар, Краснодонская – Алакөл, Краснофлотская – Жетісу, Степан Разин – Үшарал, Чапаев – Берел, Совхозная – Өркен, Чапаев – Үштөбе, Совхозный – Талас, Красин – Борис Александров, Стахановская – Жақсылық Үшкемпіров, Новаторов – Бәйкен Әшімов, Бөкеев – Бошай Кітапбаев, Өтепов – Оралхан Бөкей, Краснознаменная – Ирина Ерофеева, Калинин – Әбілхан Қастеев, Кутузов – Латиф Хамиди, Красногвардейская - Герольд Бельгер болып өзгертіледі делінген. Қала әкімдігінің ақпаратынша, бұл мәселе әзірге ұсыныс түрінде түскен.
«Жергілікті азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан осындай ұсыныс жасалды. Заңға сәйкес, әрбір ұсыныс сарапқа салынып, қалалық мәслихат депутаттарымен талқыланады. Тұрғындардың пікірін ескеру мақсатында қоғамдық тыңдауға да шығарылады», - деп хабарлады қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.