Жаңақорғанда 5 ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті

Жаңақорғанда 5 ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті

Жаңақорғанда 5 ғимараттың шатырын жел ұшырып әкетті
ашық дереккөзі
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында соққан қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті деп хабарлады turkystan.kz.
«Жел №51 орта мектеп, аудандық ветеринариялық зертхана, аудандық әкімдік, аудандық қаржы бөлімі және агралық-техникалық колледжінің және оған қоса Алтынсарин көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үй шатырын ұшырып әкеткен» деп жазылған департамент хабарламасында.
Сондай-ақ қатты жел мен жаңбыр ауданның электр жүйесіне де әсер еткен. Жаңақорған кенті мен бірқатар ауылда авариялық жағдай тіркелген. Аудан әкімдігі ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.