Жаңалықтар

Қазығұртта ауылдарды су басып, 200-ден астам мал қырылды

ашық дереккөзі

Қазығұртта ауылдарды су басып, 200-ден астам мал қырылды

Қазығұрт маңындағы 8 ауылға су жайылды. Қазір 60-қа жуық үйді су басқан деп хабарлады turkystan.kz.   Жексенбіде Түркістан облысының таулы аудандарында бұршақ аралас жаңбыр жауған. Салдарынан 200-ден астам мал қырылған. Қазығұрт ауданы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қақпақ елді мекенінде 200, ал Шарапхана ауылында 25 бас қырылған. Ал Заңғар елді мекенінде 7, Қарабауда 15, Тұғыртаста біреу, Қызылсеңгірде 12, Шанақ ауылында 20 үйге су кірген. Бүгінде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Су басқан аумақта Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Тағы оқи отырыңыз: Атыраулық ауылдардың бірін су басты (ВИДЕО)