Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Азамат Дәулетбеков Ұлан-Батырда еркін күрестен Азия чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта финалда үндістандық Дипак Пуниямен кілемге шықты. Д. Пуния - әлем, Азия біріншіліктерінде әлденеше рет олжалы болған азулы балуан. Соған қарамастан, Азамат қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл - еркін күрестен Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы алғашқы алтыны.